Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда милиция формасын киіп билеген адам 8 тәулікке қамалды

Опубликовано:

полиция258
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның Сырдария облысындағы Мирзаабад ауданында милиция қызметкерінің формасын киіп билеген 26 жастағы жігіт 8 тәулікке қамауға алынған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Басылымның жазуынша, милиция қызметкерінің формасымен билеген жігіттің көлік жуушы болып істейтіні белгілі болған.

Ал оның биін жасөспірім танысы видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан.

Екеуінің әрекеті "қоғамдық орындарда жүру ережесін және этикалық тәртіп талаптарын" бұзған болып бағаланған.

Сот билеген жігітті Әкімшілік кодекстің "Майда бұзақылық", "Министрлік, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың формасын заңсыз кию" баптары бойынша айыпты деп танып, 8 тәулікке қамау туралы үкім шығарған.

Ал жасөспірімнің ісін кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын комиссия қарамақ.

Айта кетейік, бұған дейін отандық блогер полиция қызметкерлерінің формасын киіп, видео түсіргені үшін айыппұл арқалаған еді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында әлеуметтік желіде полиция формасын киген жігіттің жанынан өтіп бара жатқан адамдарды TikTok-қа түсіріп, бірге билеуге шақырған видеосы тараған болатын.

Осыған байланысты тексеру жұмыстары жүріп, полиция формасындағы жігіттің тәртіп сақшысы емес екендігі анықталды.

Нәтижесінде блогердің үстінен полиция формасын заңсыз кигені үшін әкімшілік іс қозғалып, оған 13 890 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар Талдықорғанда полиция формасын киіп, жарнамалық сипаттағы роликке түскен актердің басы дауға қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897927-ozbekstanda-miliciya-formasyn-kiip-bilegen-adam-8-taulikke-qamaldy/

pixel