Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бойжеткендер тұрмысқа шығудың жаңа тәсілін ойлап тапты (видео)

Опубликовано:

Такси
Көрнекі фото: pixabay.com

TikTok қосымшасында қазақстандық қолданушылар арасында жаңа челлендж танымал болып жатыр. Челлендж бойынша қыздар таксистерге өзін әйелдікке алуды сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыздар әлеуметтік желіге такси шақыру қызметін пайдаланып, видео жүктейді. Олар жеткізу нүктесі ретінде "заберите замуж" деп көрсетеді.

Осыдан кейін қолданушыларға жүргізушілерден ұсыныстар келіп түседі. Ал қыздар ұсынысты қабылдау не қабылдамауды өздері таңдайды.

Видео фонында Boney M. Rasputin трегі қосылып тұрады. Бойжеткендер видеосын #заберитезамуж хэштегімен жариялап жатыр.

"Ішім пысып, қызық үшін қайталап көргім келді", "Қайталауға шешім қабылдадым", "Қаншама күйеу жігіттер бар екенін қараңыздаршы", - деп жазуда қазақстандықтар.

Еске сала кетсек, алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киім-кешегін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады.

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898023-qazaqstandyq-boizetkender-turmysqa-sygudyn-zana-adisin-oilap-tapty-video/

pixel