Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бойжеткенді зорлады деп айыпталған экс-прокурор мен бұрынғы банкир сотталды

Опубликовано:

Судья
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда бойжеткенді топ болып зорлауы ісі бойынша бұрынғы прокурор мен экс-банкирге қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушылар кінәлі деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Екі айыпталушы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі, 1-бөлігі және 121-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды.

Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады.

Сот отырсы Бостандық аудандық №2 сотында өтті. Судья жағдайды ауырлататын мән-жай ретінде - қылмыс жасау кезінде айыпталушылардың алкогольдік масаң күйде болғанын есепке алған.

Сонымен қатар судья жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды ішінара бірлесіп төлеуге рұқсат берді. Оның көлемі- 546 838 теңге мөлшерінде.

Сонымен бірге сотталушылар жәбірленушіге моральдық залал келтіргені үшін 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Үкімге 15 тәулік ішінде шағым түсіруге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлады деп күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Оқиға 2019 жылдың қараша айында болған. Қызды кездесіп жүрген жігіті үйіне қонаққа шақырған, бірақ ол үйінде жалғыз болмаған.

Кейінірек, жәбірленушінің қорғаушысы Жанна Оразбақова күдіктілер "арызыңды ал" деп бірнеше рет қоқан-лоққы көрсеткенін, қыздың үйіне барып ақша да ұсынғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898081-almatyda-boizetkendi-zorlady-dep-aiyptalgan-eks-prokuror-men-buryngy-bankir-sottaldy/

pixel