Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықты түстерге бөлу мен QR-код: Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Ashyq" мобильді қосымшасына қатысты өз ойын айтты. Пилоттық жоба аясында адамдарды қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөліп, кейбір мекемелерге QR-кодпен ғана кіргізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, коронавирус пандемиясы басталғаннан бері бизнеске біраз шектеу қойылған.

Соның салдарынан кәсіпкерлер табысынан айырылды, дейді денсаулық сақтау министрі.

Мысалы, елімізде 13 мыңнан астам бизнес нысан әлі күнге дейін өз қызметін қайта аша алмай отыр. Осыған байланысты "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы "Ashyq" пилоттық жобасын қолға алды.

Алексей Цой негізгі мақсат – эпидемиологиялық жағдайда бизнесті жүргізуге мүмкіндік беру екенін жеткізді. Мобильді қосымшаны отандық компанияның дайындағаны белгілі болды. Оны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық режимде іске қосқан.     

"Оған фитнес пен SPA орталықтары, бассейндер, моншалар мен кинотеатрлар қосылды. Бүгінде 40 нысан ерікті түрде "Ashyq" жобасына қатысып отыр. Мобильді қосымша QR-кодпен денсаулық сақтау министрлігінің базасынан тиісті мәліметті алу арқылы келген адамның статусын, яғни коронавирус инфекциясынан шалдыққан ба, жоқ па, осыны анықтайды", - деді министр.

Алексей Цой QR-кодтың тек бизнес нысандарына ғана берілетінін ерекше тоқталды. Ал келушілер "Ashyq" мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, барған мекеменің QR-кодын сканерлеп алады да, қызметкерлерге көрсетеді.

"Ал түстерге бөлу адамдардың өмірін бақылауды көздеп отырған жоқ. Ол тек адамның науқас немесе науқаспен қарым-қатынаста болып-болмағанын анықтауға арналған. Себебі заң бойынша науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар карантинде отыруы керек. "Ashyq" мобильді қосымшасын ерікті түрде жүктеледі және келушілерді вирусты жұқтырудан қорғауға көмектеседі. Сонымен қатар, бизнеске карантин шаралары кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - деді денсаулық сақтау министрі.   

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898320-halykty-tsterge-blu-men-qr-kod-coj-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/