Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім сындыра алмайды": Жалғас Жұмағұлов әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

UFC аясында өткізген екі кездесуінде де сәтсіздікке ұшыраған Жалғас Жұмағұлов желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Аралас жекпе-жек спортшысы бұл сөздерімен нені меңзегенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Жалғас Жұмағұлов Instagram парақшасында өзінің спорттық мансабына қатысты жазбаны бөлісіп, бұл жолда көп тәуекел еткенін айтты.

Аралас жекпе-жек жұлдызы кез келген спортшы үшін бір деңгейді сақтап қалу өте қиын екенін айтты. Оның сөзінше, жолда түрлі кедергілер мен сынақтар болатыны заңдылық. Алайда, сол қиыншылықтарды еңсеріп шығу әр адамның өз қолында.

"Бір кездері өз арманым үшін көп нәрсені тәуекел етіп, ештеңеге қарамастан алға ұмтылдым! Бірақ барды сақтап, әрдайым бір деңгейде тұру мүмкін емес, және сынақтардан өту керек, бірақ бұл сынақтар шынықтырып, одан әрі күшейтеді. Рухымыз сынбаса, бізді ешкім де сындыра алмайды. ИншаАлла, ал қалғанын жетілдіріп алуға болады" , - деп жазды Жалғас Жұмағұлов.

Отандасымыз бұл жазбасымен жекпе-жек алаңына бұдан бетер мықты болып оралатынын меңзегендей болды. Желі қолданушылары да оның сөздерінен жігерленіп, өз ақ тілектерін жарыса жаудырды.

"Жарайсың бауырым, арманыңнан бас тартпа. Біз сенімен біргеміз" , "Саған сенеміз. Сенің көрсетерің әлі алдыда" , "Жако аға тек қана алға. Алда әлі талай жеңістер күтіп тұр" , "Сынақтар сізді күйшейте түссін. Біз соңына дейін сізбен біргеміз" , "Бұл сәтсіздіктер уақытша бауырым. Сен әлі өзіңді мойындатасың" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898450-bizdi-eskim-syndyra-almaidy-zalgas-zumagulov-aserli-zazbamen-bolisti/

pixel