Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенаторлар кейбір дәрігерлердің жалақысы мен мәртебесін көтеруді ұсынды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Сенат депутаттары балалар кардиохирургиясы саласында істейтін дәрігерлердің мәртебесі мен жалақысын көтеруді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенатор Нұртөре Жүсіп балалар кардиохирургиясы саласындағы проблемаларға тоқталды. Айтуынша, көптеген ауруханада жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде жатқан балаларды емдеу үшін қосымша антибактериалдық, иммундық және басқа препараттар тапшы.

"Қазіргі таңда Қазақстанда балалардың бәріне жүрек аритмиясы бойынша терапиялық зерттеу жүргізіле бермейді. Өйткені, республикамызда балалар аритмологтары, балалар кардиохирургы, перфузиолог мамандар жетіспейді. Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары болған соң жас кардиохирургтер бұл мамандық бойынша тұрақтап істемейді", - деді Жүсіп премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Депутаттар үкімет осындай мамандықтар бойынша арнайы кадрлар даярлау ісін қолға алуы тиіс деп санайды. Кадр потенциалын қалыптастыру үшін осы мамандықтардың мәртебесін көтеру қажет. Жалақысы да соған сәйкес болғаны жөн.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, көптеген ауруханада магнитті-резонанстық томография – МРТ аппараты жетіспейді. Бұл операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңде зерттеулер жасау үшін ауадай қажет аппарат. Оны сатып алуға ауруханалардың шамасы келмейді. Сенатордың сөзінше, бұл мәселеге де үкіметтің қолдауы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898478-senatorlar-kejbir-drigerlerdi-zalakysy-men-mrtebesin-kterudi-syndy/

pixel