Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал маңындағы ауылда тұрған мергендер мен әскери техника тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

Жарияланған күні:

Мерген
Видеодан кадр: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғындары елді мекен маңында бірнеше полиция көлігі мен әскери техниканың жиналғанына алаңдап қалған. Алайда бұған қатысты пікір білдірген өңірдің полиция департаменті алаңдауға еш негіз жоқ екенін, бұл маңда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Подстепное ауылы Оралға жақын орналасқан. Тұрғындар халықаралық әуежайға апарар тас жолдың маңынан арнайы техникаларды көрген.

"Әлдекімді қарсы алып жатыр ма не басқа нәрсе ме, түсініксіз. Полицейлер ештеңе айпайды", - дейді жергілікті тұрғын.

Ал бейнежазбадан патрульдік көліктердің ауылдағы ғимараттың бірін қоршап алғанын көруге болады. Жауынгерлік оқ-дәрілермен қамтылған арнайы жасақ сарбаздары да бар. Автокөліктердің төбесінде мергендер отыр.

Мән-жайды БҚО полиция департаментінің ресми өкілі өкілі түсіндірді.

"11 ақпанда Подстепное ауылы аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық жедел штабтың қолдауымен жоспарланған антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде. Елді мекен аумағында көлік құралдары мен тұрғындардың қозғалысына шектеулер енгізілді. Жаттығуларға шамамен 70 полиция қызметкері қатысып жатыр", - дейді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Полиция тұрғындардан сабыр сақтап, тәртіп сақшыларының талаптарын орындауды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Ritz Carlton қонақ үйінің шатырында VIP-кортежді қорғап тұрған мергендер видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

Сол кезде Алматы қаласы полиция департаменті бейнежазбаға қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898498-oral-manyndagy-auylda-turgan-mergender-men-askeri-texnika-turgyndardyn-ureiin-usyrdy-video/