Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс
Аяз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде 13 ақпан күні ауа райы бұзылады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күнге дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, қар жауады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі болады деп болжануда.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарныың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде желдің күшейюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көқтайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, түнгі уақытта жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы тауларында жоғалған адамның денесін тапқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898779-tuman-koktaigaq-zayau-burqasyn-elimizdin-basym-boliginde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/