Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандықтар бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтар күні Парламент сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданған болатын.

Тиісті құжатта елімізде берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау ескерілген.

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойған болатын.

Сонымен қатар жақында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуге болатынын жеткізді.

"Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады", – деді министр.

Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына қатысы жоқ.

Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген.

"Жүргізушілердің құжаттарын өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын ұсыну міндетін алып тастау – бұл заманауи технологиялық "сервистік" полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам", – деп санайды Ерлан Тұрғымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898789-qazaqstandyqtar-buginnen-bastap-zurgizusi-kualiginsiz-kolik-zurgize-alady/

pixel