Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адам қайтыс болды: Шымкентте бес қабатты ғимарат опырылып түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Ғимарат опырылып түсті
Оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте "Ордабасы" индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат опырылып құлап, салдарынан үш адам қаза болды деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қайғылы оқиға туралы хабар ТЖД пультіне сенбі, 13 ақпан күндіз түскен. Еңбекші ауданында Қапал батыр тас жолында орналасқан "Ордабасы" индустриалды аймағында төтенше жағдай орын алған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бес қабатты ғимараттың 625 шаршы метр темір-бетон плиталарының жабындысы опырылып түскен. Ғимарат қараусыз қалған, оның жалпы ауданы – екі мың шаршы метр.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы, кинологиялық есеп пен апаттар медицинасы орталығының бригадасы тартылған. Кинологтар үйінді астынан үш ер адамның (1967, 1992 және 1999 жылғы) денесін тапты.

Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі күзетші болып жұмыс істеген, қалған екеуі иесіз цехтың металл конструкцияларын бұзумен айналысқан.

Ғимарат опырылып түсті
Оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Еске сала кетсек, Алматыдағы "Домиллион" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Оқиға орнында 24 бірлік техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылған.

Қызыл жалын салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898856-us-adam-qaitys-boldy-symkentte-bes-qabatty-gimarat-opyrylyp-tusti/

pixel