Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрділдә Ораз: Елімізде бір апта ішінде 3 500-ден аса қылмыс жасалды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бір апта ішінде елімізде 3 506 қылмыс жасалды. Бұл туралы онлайн режимдегі брифингіде ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 506 қылмыс жасалды, оның 2 322-і тәулік ішінде ашылды", – деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 32 тонау және 487 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.

"Ішкі істер министрінің атына азаматтардан полицейлерге алғыс айтқан хаттар жиі түседі. Мәселен, өткен аптада елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Әлихан Момышев пен Алмас Шығанбаевқа алаяқтықты жедел әрі кәсіби түрде ашып, залалды қалпына келтіргені үшін елорда тұрғыны ризашылығын білдірді", – деді Нұрділдә Ораз.

Еске салсақ, Қазығұрт аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне учаскелік инспекторлардан бос жайылымдардың бірінде болған кезекті "көкпарды" тоқтату кезінде белгісіз тұлғалардың тарапынан қару қолдану арқылы бұзақылық жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция күдіктілерді ұстады.

Оған қоса, азық-түлік жеткізіп беремін деген Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алған. "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898982-nurdilda-oraz-elimizde-bir-apta-isinde-3-500-den-asa-qylmys-zasaldy/

pixel