Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн суытып, қар жауады: Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы күндері күн суытып, ауа райы жауын-шашынды болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктер "Қазгидромет" РМК мемлекеттік метеорологиялық қызметтің ресми сайтында 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Метеорологтардың мәліметіне сәйкес, бұл күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде күннің суытуы күтілуде.

Солтүстік-батыстан келетін антициклон суық ауа массаларымен бірге күннің суытуын алып келеді. Нәтижесінде Қазақстанның солтүстігі мен батысында аяз болуы ықтимал.

Ал 17-18 ақпан күні Түркіменстаннан келетін оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлеріне дейін келіп жетеді деп күтілуде. Ол өзімен бірге қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашынды алып келеді деп болжанып отыр. Солтүстік пен Батыс Қазақстанда боран болуы ықтимал.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тұман, көктайғақ пен желдің күшеюі күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Мәскеуде 50 жылда алғаш рет рекордтық деңгейдегі қалың қар түсіп, жергілікті тұрғындарды әбігерге салғанын жазған едік.

Өңірде 12 ақпан күні сағат кешкі алтыда 9 миллиметрге жететін қар түскен. Бұл ақпан айындағы қар нормасының (36 миллиметр) 25 пайызын құрайтын көлем. Ал 1973 жылғы 12 қаңтарда түскен қардың мөлшері 7 миллиметр болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899008-kun-suytyp-qar-zauady-sinoptikter-aldagy-kunderge-aua-raiy-bolzamyn-zasady/

pixel