Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Объект басшысы
Объект басшысы. Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Бүгін әлеуметтік желі беттерінде салынып жатқан ғимараттардың бірінде сиырдың аяқтарын байлап, оны кранмен көтеріп қойған видео тараған еді. Елордалық полиция істің-мән жайын анықтап, оқиға қатысушыларымен сөйлескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиғаның 15 ақпан күні сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болғаны анықталған.

"Полиция қызметкерлері аталған оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады", - делінген құқық қорғау органының ресми мәлімдемесінде.

Сонымен бірге полицейлер салынып жатқан ғимарат басшысының видеосын да жариялады.

"Болған оқиға бойынша қоғамнан кешірім сұрағым келеді. Ниетіміз түзу болған еді. Құрбандық шалып, оны аз қамтылған отбасыларға бергіміз келген. Осы оқиға үшін мен өз елімнің азаматтары алдында тағы бір мәрте кешірім сұраймын", - дейді ер адам.

Алайда құрбандық шалғысы келген ол сиырды көкке не себепті көтергендерін түсіндірмеді.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде құрылыс төбесінде тұрған сиырдың видеосы тарап кеткен болатын. Ролик желі қолданушыларының ашуын тудырып, көпшілік кінәлілерді жазаға тартуды талап еткен еді.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жүргізушінің итті көлікке байлап, Ақмола облысының Қоянды ауылындағы жол бойымен сүйреп бара жатқаны суреттелетін видео тарап кеткен еді.

Ақмола облысының полиция департаменті итті Қоянды ауылының 37 жастағы тұрғыны сүйрегенін анықтаған болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899276-elordada-qurylys-alanynda-iluli-turgan-siyr-obekt-bassysy-kesirim-surady-video/

pixel