Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуырда ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалуы мүмкін

Опубликовано:

Түркістан әуежайы2
Кадр: КТК арнасынан

Өткен жылдың қыркүйек айында ғана салтанатты түрде ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалуы мүмкін. Өйткені халықаралық деңгейге көтерілеміз деген "Әзірет Сұлтан" әуежайына тіпті отандық әуе компаниялары SCAT пен Qazaq Air-да ұшып-қонудан бас тартты деп хабарлайды КТК арнасы.

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың айтуынша, бұған себеп аталмыш әуе комапанияларына сұраныстың аздығы.

"Негізінде Түркістан әуежайынан үш әуекомпания ұшатын. Оның ішінде Qazaq Air мен SCAT бар. Өкініштісі SCAT пен Qazaq Air-ге сұраныс аз болды. Олардың борты жартылай және 42 пайыз көлемінде толады. Ал Fly Arystan-дікі – 92-100 пайыз. Сол себепті олар қазір уақытша ұшпай қойды", - дейді Ролан Ибрагимов.  

Түркістанға қатынаудан бас тартқан қос әуе компанияның билет бағасы қымбат көрінеді. Сондықтан жолаушылар арзан әуе компаниясын таңдайды екен.

Жолаушы аз, шығын көп болған соң, әуе рейсін мүлде тоқтату туралы шешім қабылданған. Оның үстіне қаңтар айында ауа райының қолайсыздығынан оннан астам рейс ұшпаған.

Жалпы "Әзірет Сұлтан" халықаралық әуежайы жылына 3 миллион жолаушы қабылдайды деп жоспарланған. Тіпті туристер саны көбейеді деген мақсатпен Түркістаннан Мекке мен Стамбулға әуе рейстерін ашу көзделген.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, Түркістандағы халықаралық әуежай 2020 жылдың 28 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылған еді.

Әуежайдың ашылуына еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899312-zuyrda-asylgan-turkistan-auezaiy-qanyrap-bos-qaluy-mumkin/

pixel