Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев азаматтардың жеке деректері неліктен жиналып жатқанын айтты

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есептік кездесуінде қала тұрғынының "азаматтардан әртүрлі жеке мәліметтері неліктен жиналады" деген сұрағына жауап берді. Тұрғын белгілі бір жағдайларда ЖСН, электрондық пошта немесе карточка нөмірін ұсынғанына шағымданды. Ол жеке деректерін құпия ұстағысы келетінін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауды мақсат етеді, тек сізге қызмет көрсету үшін ақпарат жиналады. Бірақ әрқайсысынан толық мәлімет жинау деген қате пікір, бір жерде түсініспеушілік пайда болған. Бұл сұрақты маған студенттер де қойған, егер сіз Instagram ашсаңыз, қазір қайда екеніңізді айтып, не істеп жатқаныңыз, кіммен және қайда баратыныңыз жайлы күн сайын есеп бересіз. Көбі көпшілікке ашық болғысы келеді әрі оларға бұл ұнайды", – деді әкім.

Әкімнің айтуынша, мәліметтерді жинауда еш мақсат жоқ, егер қандай да бір мәліметтер сұралса, онда бұл тек азаматтарға қызмет көрсету үшін қажет болады.

"Біз қызметтерді цифрлық нысанда ұсынғымыз келеді, бұл ыңғайлы, әртүрлі кабинеттің табалдырығын тоздырып, қағазбастылықпен әуреленгенше, ғаламтор арқылы цифрлық платформалар арқылы қызмет алу оңайырақ", – деді әкім.

Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде қаладағы экологияны жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Биыл жобалық құжаттар дайын болады. Жыл сайын екі қазандықтан газға ауыстырып, 2025 жылдың соңына қарай ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды толық аяқтау жоспарланып отыр. Мұның жағымды әсерін 2022 жылдың соңына таман байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899435-sagyntaev-azamattardyn-zeke-derekteri-nelikten-zinalyp-zatqanyn-aitty/

pixel