Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда желіде алаяқтықпен айналысқан екі адам ұсталды

Опубликовано:

Алаяқтар
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы жақында желіде алаяқтықпен айналысқан екі адамның ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, алаяқтық күдікке ілінгендер – 1992 жылы туған Алматы облысының тумасы мен 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәровтың айтуынша, олардың әрқайсысы бірнеше адамды алдаған.

Ал келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асады. Күдікті екі адамның ешқандай өзара байланысы жоқ. Алайда олардың қылмыстық әрекеттерінің тізбегі бірдей.

Яғни олар микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін пайдаланып, шағын несие алып, содан кейін алаяқтық жолмен өздерінің банктік карточкаларына қаражат шығарған.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда полиция тұрғындарды сақ болуға, жеке деректерді, банк карталары мен құпия кодтарды бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда ең жиі жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтқан еді.

Тізімде "банк өкілдерінен" түсетін қоңыраулар мен Instagram арқылы сату бар. Одан бөлек, онлайн-несиелерді шағын несиелік ұйымдарда заңсыз тіркеу жағдайлары да жиілеп кеткен.

Алаяқтар азаматтардың дербес деректерін интернет арқылы алу үшін түрлі амалдар іздейтін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899518-almatyda-zelide-alayaqtyqpen-ainalysqan-eki-adam-ustaldy/

pixel