Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өміріміз үздіксіз күреске айналды": Атыраулық балақайдың еміне 50 млн теңге қажет

Опубликовано:

Кәусар
Фото: Отбасының жеке мұрағаты

Атырауда қанның қатерлі ісігіне шалдыққан төрт жасар Кәусар Неталиеваның еміне 50 млн теңге қажет. Түркияда ем қабылдап жатқан бүлдіршіннің ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Диагноз туралы білгеннен кейін, мен бірден түрлі клиникаларды зерттей бастадым. Таңдау Түркияға түсті, өйткені ол жерге визасыз баруға болады. Бізде виза жасауға уақыт жоқ болды, өйткені әр минут қымбат. Қазір біздің бүкіл өміріміз қызымыздың өмірі үшін күреспен өтуде.

Туыстардың, әріптестердің, сондай-ақ қамқор адамдардың көмегімен 20 миллион теңге жинадық, бірақ өкінішке қарай, бұл жеткіліксіз. Емдеуге кететін шығын алдын ала есептесек 75 миллион теңгені құрап отыр", - дейді Елена Сауғабаева.

Дегенмен Еленаның айтуынша, емдеудің нақты бағасы клиникадағы диагностикадан кейін қойылады. Бірақ қазірдің өзінде химиотерапияның бірнеше курсынан өту қажет болып отыр, содан кейін жілік майын трансплантациялау жоспарлануда.

Бұл жағдайда қызға ата-анасының донор бола алуы аса маңызды. Егер қыздың ағзасы ата-анасының ағзасымен сәйкес келмесе, донор іздеуге тура келеді.

"Сіздерден біздің қайғымызға бей-жай қарамауларыңызды сұраймын. Біздің қиын жағдайымыз туралы мүмкіндігінше көп адамның білуі біз үшін өте маңызды. Мейірімді адамдардың көмегімен қажетті соманы жинау қолымыздан келетініне сенімдімін. Біз кез келген көмекке қуаныштымыз", - дейді Елена.

Бүгінде әйел адам қызымен бірге Стамбұлда Acibadem клиникасында ем алуда. Онда Кәусар бірінші химиотерапияның екінші кезеңінен өтіп жатыр.

Бүлдіршіннің сауығып кетуіне барлық мүмкіндік бар. Тек қаражат мәселесі шешілсе болғаны. Қазірдің өзінде оның еміне 20 миллион теңге жиналған, енді қажет сомма 54,5 миллион теңге.

Кәусардың еміне көмек қолын созам деген жандар үшін реквизиттер:

Халық банк: 4390 8782 8644 0333

Сбербанк: 5392 1500 0053 0038

Kaspi: 5169 4931 1818 4426 немесе телефон нөмірі +7 (701) 237-50-66

Байланысқа шығу үшін: +7 701 237 5066

Instagram/@pomosh.kausar2021

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899586-omirimiz-uzdiksiz-kureske-ainaldy-atyraulyq-balaqaidyn-emine-50-mln-tenge-qazet/

pixel