Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы халық санағы сауалнамасына вакцинация жайлы сұрақ енгізілгені рас па

Опубликовано:

Вакцина салдыру сәті
Көрнекі фото: Manuel Velasquez/Getty Images

Ел тұрғындары мессенджерде халық санағы коронавирус вакцинасынан бас тартқандарды есептеу және оларды күшпен егу үшін қажет деген теорияны алға тартты. Шын мәнінде, халық санағы пандемияға дейін жоспарланып қойған және онымен ешқандай байланысы жоқ деп жазады Stopfake.kz.

Қазақстанда халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Алғаш рет ол 1999 жылы 25 ақпаннан 4 наурыз аралығында ұйымдастырылған. Содан кейін 2009 жылы ақпан айында өтті.

Келесі халық санағы 2019 жылға белгінген болатын, бірақ өзгерістерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл жолы еліміздің барлық азаматтарын есепке алу үшін цифрлық технологияларды пайдалану және сауалнамалардағы сұрақтар тізімін кеңейту туралы шешім қабылданған. Оған елден көшу жоспары, балалардың туған күні және басқа да қосымша деректер енгізілді.

Халық санағы 2020 жылғы 1-30 қазаны аралығында өтуге тиіс болатын.

Алайда пандемияға байланысты тағы да кейінге қалдырылып, 2021 жылға ауыстырылды.

Енді осы жылы қазанда өтпек. 1-15 қазан аралығында қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнамаға қатыса алады. Одан бөлек, 1-30 қазанда халық арасында офлайн режимде жаппай сауалнама жүргізіледі.

Осы орайда басылым санақ сауалнамасына вакцинация туралы сұрақтар енгізілетіні туралы еш жерде хабарланбағанын айтты. Ал денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация туралы қауесетті жоққа шығарды.

Скрин
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899661-kazakstandagy-halyk-sanagy-saualnamasyna-vakcinacia-zajly-srak-engizilgeni-ras-pa/

pixel