jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Неліктен жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылып жатыр

университет
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте университеттер лицензиясынан неге айырылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мирас Дәуленов 2020 жылы министрлік бір университетті тексергенін, онда 30 мыңнан астам студент білім алғанын және тексеру қорытындысы бойынша білім беру мекемесінің жабылатынын мәлімдеді.

"Біздің шешімімізге шағымдану жөніндегі сот отырыстары алты айға созылды", – деді ол.

Сонымен қатар ол студенттердің жартысынан көбі 30 жастан асқан университеттерді атап өтті.

"Біз барлығын түсінеміз. Бұл студенттер білім алу үшін емес, диплом алу үшін келеді және мен сіздердің назарларыңызды аударатын бір жайт – осы студенттер бірінші курстан бастап тұрақты зейнетақы жарналарына ие болады, яғни олар жұмыс істейді. Нәтижесінде қандай мамандар шығатыны анық", – деді ол.

Ол білім және ғылым министрлігі тексеретін көптеген университет тәуекелдерді бағалау жүйесінде екенін, оны университеттер өздері толтыратынын атап өтті.

Оған қоса, Дәуленов қандай жағдайда университет лицензиясынан айырылмайтынын айтты.

"Біз үшін ең бастысы – материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, белгілі бір мамандық студенттеріне сабақ беретін оқытушылар құрамының болуы, ең бастысы, студенттер оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы. Мықты жоғары оқу орындарын ешкім жаппайды. Бұл университеттер түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызымен ерекшеленеді. Бұл университеттерді жұмыс берушілер сертификаттайды және жұмыс беруші мұнда оқуған студенттерді оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айда жұмысқа алады", – деді спикер.
Неліктен жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.