Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаяу жүремін": Ақтөбенің бас дәрігері қызметтік көлігін қарттар үйіне берді

Опубликовано:

фото
Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қызметтік көліктен бас тартып, астына мініп жүрген су жаңа Toyota Camry 50 көлігін қарттар үйіне берді. Қызметтік көлікті ұстап тұруға бюджеттен жылына 2,5 млн теңге жұмсалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26-қаңтар күні қызметтік көлікті қысқартуға қатысты үндеуінен кейін облыстың бас дәрігері мұндай шешімге өз еркімен барған.

"Өзім шешім қабылдап, "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне хабарладым. Менің ойымша, індет кезінде, көлікке мініп, ел арасынан алшақ жүретін кез емес. Көлік жүргізушімді жұмыстан босатып, 2018 жылы шаққан жаңа қызметтік көлігімді қаттар үйіне тапсырып отырмын. Жасы 60-тан астам адамдар үшін қазір көшеде жүріп, адам көп шоғарланатын орындарға бармауы тиіс. Оларды уақытылы емхана, ауруханаға да апару керек",-дейді Рүстем Исаев.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтік көлікті ұстап тұру үшін айына 180 мың теңге, жылына 2-2,5 миллион теңге шығын болғанын жеткізді.

Бас дәрігер енді жаяу жүретінін айтты.

"Біріншіден, өзім жеке көлігіммен жүремін. Екіншіден, жұмыс орным мен үй арасы жақын. Күнде таңертең жаяу келіп, үйге жаяу барамын. Таза ауа пайдалы. Өзімнің үш орынбасарым бар. Үшеуі де өз көлігімен жүр. Ешкімнен кем емес, мемлекетке шығын келтірмейді",-дейді Исаев.

Бас дәрігердің көлігін әкімдіктің алдынан қабылдап алған қарттар үйі мекемесінің қызметкері қуанышын жасырмады.

"Қарттар үйінде 3 көлік бар. Науқас жандарды ауруханаға, емханаға апару үшін УАЗ көлігін пайдаланамыз. Егде жастағы қариялар үшін мініп-түсу қиын. Жеңіл көлікті бізге бергеніне өте қуаныштымыз", - деді Қарттар үйі директорының емдеу ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлмира Нұртазина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899711-zaau-zremin-aktbeni-bas-drigeri-kyzmettik-kligin-karttar-jine-berdi/

pixel