Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы он университет жабылуы мүмкін

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Білім және ғылым вице-министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте Қазақстандағы тағы бірнеше университетті жабу жоспарын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жақында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Қазақстанда тағы 10 жоғары оқу орны жабылады деп айтқанын еске салды.

Осыған байланысты журналистер ведомство басшысының орынбасарынан қандай университеттер туралы айтып жатқанын сұрады.

Алайда, Мирас Дәуленов бұлай жасағысы келмейтінін жеткізді.

"Қазіргі уақытта бізбен соттасып жатқан университеттер бар, оларды жарнамаламау үшін аттарын атамаймын. Себебі студенттер осы университеттерде әлі оқиды. Бірақ көпшілігі жағдайды білгендіктен басқа оқу орындарына ауысуда", - деді ол.

Министр орынбасарының сөзінше, бұл университеттер білім және ғылым министрлігінің әрекеттеріне кедергі келтірген.

"Жай ғана бізді университетті тексеру үшін ғимаратқа кіргізбеді. Егер бұл мықты университет болса және сапалы білім берсе, онда не үшін қорқуы керек? Кейбір университеттер министрліктің кез-келген әрекетіне шағымданады және осылайша процедураны кешіктіреді", - деп сөзін жалғастырды Дәуленов.

Жалпы, оның айтуынша, лицензияны қайтарып алу ұзақ уақытты алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899721-qazaqstanda-tagy-on-universitet-zabyluy-mumkin/

pixel