Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ведомствоға ешқандай қатысы жоқ": Денсаулық сақтау министрлігі желідегілерге үндеу жасады

Опубликовано:

Фейк
Фото: Stopfake.kz

Instagram әлеуметтік желісінде @minzdrav_rkz деп аталатын пайдаланушы тіркелген. Бұл парақшада денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы туралы қысқаша жазбалар жарияланған. Алайда министрлік бұл аккаунттың ведомствоға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады деп жазады Stopfake.kz сайты.

ДСМ мәліметінше, ведомствоның Instagram желісінде бір ғана ресми парақшасы бар. Ол - @healthcare.gov.kz.

"@Minzdrav_rkz парақшасы денсаулық сақтау министрлігінің парақшасы емес. Бұл аккаунт бір ғана қолданушыға – @doctor_gereeva_ жазылған, сондықтан аккаунтты жасаушы сол адам деп болжауға болады", – дейді ведомство хабарламасында.

Жалпы, жалған парақшада 26 жазба бар. Олардың барлығы бір күні – 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған. Аккаунтта оған дейін де, одан кейін де бірде-бір хабарлама жарияланбаған.

Дегенмен Instagram қолданушылары министрлікке жүгінгенде немесе денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қатысты шағымданғанда осы парақшаны белгілеуді жалғастыруда екен.

Еске салайық, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар жалған ақпарат таратып жатқанын хабарлаған еді.

"Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеу керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды", - деді зейнетақы қорының өкілдері.

Ведомство БЖЗҚ телефон арқылы жеке деректер мен банк картасының деректерін сұрамайтынын тағы да еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899921-vedomstvoga-esqandai-qatysy-zoq-densaulyq-saqtau-ministrligi-zelidegilerge-undeu-zasady/

pixel