Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда жоғалып кеткен оқушылардың бірінің денесі табылды: Өлімнің алдын-ала себебі айтылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Nurzhan Rakhmetov

Байқоңырда жоғалып кеткен екі жеткіншектің бірінің денесі 21 ақпанда Сырдария өзінен табылған болатын. Ресей Федерациясы тергеу комитеті өлімнің алдын-ала себебін айтты деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей Федерациясы тергеу комитетінің мәліметінше, жеткіншектің денесі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр өткелінен 500 метр қашықтағы мұз жиегінен табылған.

Сот-медициналық сараптамасының қортындысы бойынша өлімнің себебі - суға бату кезінде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық тұншығу.

"Денеде басқа жарақаттар жоқ. Баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады", - дейді Ресей тергеу комитеті.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова оқиға орнына арнайы барып, жасөспірімнің отбасы мен жақындарына көңіл айтқан.

Сонымен қатар ол мұндай жайттардың алдын-алу үшін жауапты органдарға тапсырма берген.

"Байқоңыр қаласының құқық қорғау органдары басшыларының (Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД Байқоңыр қаласы басқармасы, Байқоңыр қаласының прокуратурасы, Байқоңыр қаласындағы ІІМП, Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі), Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары және мектеп директорларының қатысуымен кеңес өткізіп, осындай ауыр фактілердің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында оқушылардың ата-аналары мен оқытушылар құрамы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым", - дейді Гүлшара Әбдіқалықова Faceebook-тегі парақшасында.

Қазір екінші оқушыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған жергілікті тұрғындар, авиациялық техника, сүңгуірлер мен еріктілер тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, қос жеткіншек 20 ақпан күні сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған еді.

Оларды іздеу жұмыстарына Қазақстан мен ресейлік полицейлер және ТЖМ өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900090-baiqonyrda-zogalyp-ketken-oqusylardyn-birinin-denesi-tabyldy-olimnin-aldyn-ala-sebebi-aityldy/

pixel