Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі аптада «Қазақтелеком» АҚ басшысына 2 мың қазақстандық жүгінген

Опубликовано:

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: «Қазақтелеком» АҚ

Танымал интернет-сайттардың бірі NUR.KZ-те "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің кезекті және дәстүрлі онлайн-конференциясы аяқталды. Сұрақ-жауаптар сериясынан құралған екі аптаның қорытындысы бойынша (1-15 ақпан аралығында) еліміздің ең ірі телеком-операторының басшысына екі мыңға жуық өтініш келіп түскен және олардың жартысынан көбі компанияның қызметтеріне қосылу мүмкіндігіне қатысты болған.

Қуанышбек Есекеевтің биылғы интернет-конференциясы осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр, өткен жылы ол NUR.KZ порталында клиенттермен және әлеуетті абоненттермен кері байланыс сессияларын екі рет өткізген еді.

Барлық конференцияның ортақ ерекшелігі – көптеген респонденттердің "Қазақтелеком" қызметтеріне қосылуға ниет білдіруінде болып отыр: 2020 жылдың көктемінде осындай өтініштердің саны жалпы көлемнің 47%-ын, ал сол жылдың күзінде - 61%- ын құрады. Ағымдағы жылдың ақпан айында өткен конференцияда да мұндай өтініштер саны жалпы көлемнің жартысынан асып түскен. Компания қызметтеріне қосылу мүмкіндігі конференцияның барлық қатысушысының 56%-ын қызықтырған.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото: depositphoto
Елдегі ең танымал интернет-ресурстардың бірінің оқырмандары компаниямыздың клиенті болу және компанияның кеңейтілген қызмет түрлеріне жүгіну мүмкіндіктеріне белсенді қызығушылық танытатыны бізді қуантады. Осы мәселе төңірегіндегі сұрақтар NUR.KZ порталы аудиториясының сырттай кездесуінде осымен үшінші рет басым түсуде. Бұл біздің өнімдердің сұранысқа ие екендігін әрі сапасының жоғарылығын көрсетеді", - деп түсіндірді "Қазақтелеком"АҚ Басқарма төрағасы.

Атап өтсек, биылғы конференция барысында компания ұсынатын қызметтердің сапасына қатысты сұрақтардың үлесі 9%-ды құраған. Бұл өткен жылғы көктемгі конференциямен салыстырғанда әлдеқайда аз. Ол уақытта бір апта ішінде абоненттердің 14%-ы компанияға осы мәселе жөнінде сұрақ қойған. 2020 жылдың күзінде қызметтердің сапасына қатысты шағымдардың үлесі небәрі 7% құрады, бұл компания көрсететін қызметтердің сапасына көңілі толмайтын клиенттердің қатары азайып жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ, күзгі конференциямен салыстырғанда, қызмет көрсету сапасына қатысты өтініштердің үлесі төмендеген (12%-дан 9%- ға дейін), алайда абсолюттік цифрлар тұрғысынан алып қарасақ айтарлықтай айырмашылық жоқ. Десе де Есекеев мырза компания өз абоненттерінен келіп түсетін әрбір сын-пікір үшін де алғыс айтатынын атап өтті.

"Жұмысымыздың сапасына қатысты сын-ескертпелер біз үшін осы интернет - конференциялардың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатынын айта аламын. Мамандарымыздың әрбір өтінішті егжей-тегжейлі талдауы "Қазақтелекомға" әр өнімін жетілдіруге көмектеседі. Қызмет көрсету сапасы бойынша ескертулерге келетін болсақ, өткен жылдың көктемінен бастап компания абоненттермен өзара қатынасты онлайн-форматқа белсенді түрде көшіре бастағандықтан, бүгінде мұндай ескертулер біз үшін бұл конференцияның аса өзекті бөлігі болып табылады. Және де біз бүгінде "Қазақтелекомның" әрбір абонентін серіктес ретінде қабылдап, оларға ұсынылған онлайн-құралдардың тиімділігі мен ыңғайлылығын бағалау бойынша серіктестерімізбен кері байланысты өте маңызды деп білеміз", - дейді компания басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың көктемінен бастап абоненттердің сервистік пункттерге жүгінуге мүмкіндігі болмаған еді. Осы тұста компания барлық іс-қимылды онлайнға ауыстырды. Яғни, "Қазақтелеком" онлайн-арналар желісін, оның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлерін іске қосып, telecom.kz порталындағы "Жеке кабинет" функционалын жетілдірді. Енді осы онлайн-арналар арқылы компаниямен өзара қатынасты жалғастыруға әзір абоненттер саны тұрақты өсіп келеді.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото: depositphoto

Бұл ретте аталған цифрлық арналар үнемі жетілдіріліп отырады және басқарма басшысы интернет-конференцияға қатысушылар да осы процеске өз үлестерін қосады деп үміттенеді. Яғни, телеком-операторға осы құралдардың тиімділігін қалай арттыруға болатынын айтып, бағыт бере аласыз.

Респонденттердің компания тарифтері бойынша және "Қазақтелекомның" есептеулеріне қатысты келіспеушіліктерден туындайтын мәселелер тобына келетін болсақ, олардың үлесі әдеттегідей төмен болып қалуда – сәйкесінше 6% және 10% болып отыр.

Ад респонденттердің географиялық тұрғыдағы жалпы белсенділігі алдыңғы конференциялардың көрсеткіштерімен сәйкес келіп отыр. Алматы және Алматы облысы өтініштердің саны бойынша 37 пайыз үлеспен көш бастаған, екінші орында Қазақстанның орталық өңірлері (20% немесе 350 өтініш), үшінші орында - өтініштердің 18%-ын құрайтын оңтүстік облыстар жайғасқан. Батыс облыстардың респонденттері сұрақтардың жалпы көлемінің 14%-ын құрап отыр, солтүстік және шығыс өңірлер барлық өтініштердің тек 12%-ын құрауда. Бұл өз алдына, компания қызметтері елдің аталмыш бөлігінде кеңінен тамыр жайғанын және қызметтердің сапасына абоненттердің қанағаттану деңгейінің жоғары екендігін аңдатады деп санайды компаниядағылар.

"Интернет-конференциямызға қатысқан барлық қазақстандыққа біздің жұмысымыздағы проблемаларды жедел жоюға көмектесетін «кері байланыс» үшін рахмет айтамын, және өзге де әлеуетті клиенттеріміздің қатарынан табылып отырған жандарды келесі конференцияларға атсалысуға әрі оларды қызықтырған сұрақтарды белсенді қоюға шақырамын. Біз абоненттермен кері байланысты жақсарта түсу тәжірибесін, оның ішінде елдегі ең танымал интернет-ресурстардың бірінде онлайн-конференциялар құралының көмегімен жақсарту жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Сіздердің бірде-бір өтініштеріңіз біздің мамандар тарапынан жауапсыз қалмайды деп тағы да сендіргім келеді. Бұған дейінгі онлайн-конференциялар барысында да ешбір жауапсыз қалған емес. "Қазақтелекомға" әр клиенттің пікірі маңызды, сіздердің көмектеріңізбен біз компания қызметін жақсарта аламыз, сондықтан мен сіздердің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді күтемін", – дейді Есекеев мырза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900360-eki-aptada-qazaqtelekom-aq-bassysyna-2-myn-qazaqstandyq-zugingen/

pixel