Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да масканы дұрыс тақпағандарға айыппұл салынбақ

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі бетперде режимін сақтау талабы күшейтілгені туралы хабарлады деп жазады Алтайньюс.

"Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бетперде тағу талаптары нақтыланды. Бетперде мұрынды, ауызды, иекті толығымен жауып тұруы және сөйлескен кезде қозғалмауы керек. Сондай-ақ оны шешіп қоюға немесе иектен төмен түсіріп қоюға болмайды", – дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған талаптар сақталмайтын болса, яғни бетперде мұрыннан төмен немесе иекте ғана тұрса айыппұл салынатын болады.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 692 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 208 809-ға жетіп отыр.

Оған қоса, коронавирус белгілері бар пневмонияға қатысты статистикалық деректер жаңарды.

21 ақпандағы мәлімет бойынша COVID-19 белгілері бар пневмония жұқтырудың 8 жағдайы тіркеліп, бір адам қайтыс болған. 202 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 48 991 адам ауырып, 613-і қайтыс болған, 40 967 адам сауығып шыққан.

Айта кеткен жөн, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900442-sqo-da-maskany-durys-taqpagandarga-aiyppul-salynbaq/

pixel