Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда карантин қандай жағдайда толық алынады: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов карантиннің қандай жағдайда толық алынып тасталуы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрнінің орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қазақстанда карантиннің толық алынып тасталу мерзімі туралы болжам жасау ерте.

"Қазір карантинді толық алып тастау туралы айтуға әлі ерте. Алайда, болжам жасайтын болсам, бұл үшін барлық өңірлер "жасыл" аймақта болуы қажет деп ойлаймын. Ол үшін ауру 100 мың адамға шаққанда 25-тен аспауы тиіс. Ал таралу коэффициенті 1-ден төмен болуы қажет. Бұл біз алдағы уақытта бағдарлай алатын ықтимал критерилердің бірі", - деді Ерлан Қиясов.

Бас санитар халықтың басым бөлігін вакцинациялаумен толық қамту қажет екенін және вакцина бойынша ұжымдық иммунитет кемінде 50-60 пайызды құрауы тиіс екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейтінін жазған едік.

Жағымды жаңалықты Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900667-kazakstanda-karantin-kandaj-zagdajda-tolyk-alynyp-tastalady-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel