jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Көктемге санаулы күн қалғанда Алматыны қалың қар басты (фото, видео)

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Алматыда 2021 жылдың 24 ақпанынан 25-іне қараған түні қаланы қалың қар басты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тротуарлар да, автомобиль жолдарының бір бөлігін де қалың қар басты. Адамдар жылы киімдерін киіп, жауын-шашыннан қолшатырдың көмегімен қорғануға мәжбүр.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Қазгидрометтің ресми сайтындағы ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Алматыда қар жауады, ауа температурасы күндіз және түнде минус 8-10 градус болады.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Ертең және бүрсігүні оңтүстік астанада синоптиктер ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп уәде етеді. Термометр бағаны 26 ақпанда күндіз минус 8-10 градус, түнде минус 13-15 градус көрсетеді; 27 ақпанда күндіз минус 5-7 градус, түнде минус 13-15 градусты көрсетеді.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Сонымен қатар, Telegram-дағы "Алматы әкімдігінің жаңалықтары" ресми арнасының хабарлауынша, 24 ақпанда сағат 16:00-де Алматы қаласында жаңбыр аралас қар жауа бастаған, ол 25 ақпанда сағат 01:00-ден бастап ауа температурасының минус 10 градусқа дейін күрт төмендеуінен қарға айналды.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Сағат 09:00-де қалада 20-30 см, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 30-40 см қар жауды.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға және жол айрықтарына көктайғаққа қарсы материалдар себілген.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Қар тазалау жұмысына 560 техника бірлігі, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы 3540 тонна материал пайдаланылды.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Сағат 3.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Қар тасып шығару жұмыстары басталды, жаппай қар шығару таңғы қарбалас уақытынан кейін жоспарланған. Таңертеңгі сағат 09:00-де 1350 текше метр қар шығарылды.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы күзет ұйымдастырылды.

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Алматыда қар жауды
Фото: NUR.KZ

Көктемге санаулы күн қалғанда Алматыны қалың қар басты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.