RU

Қарағанды облысының тас жолында тұмсығына мұз қатқан елік құтқарылды (видео)

Елік
Кадр: ugolnaya_stolica

Қазнетте бірнеше адам еліктің тұмсығын мұз бен қардан тазартуға тырысып жатқан видео пайда болды. Белгілі болғандай,бұл жайт Қарағанды ​​облысында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео ugolnaya_stolica Instagram-паблигінде пайда болды. Жазбаны жария еткен видео авторлары - Абылайхан Қуандық пен Нұржан Мақаев болған жайтты әңгімелеп берді.

Ер адамдардың айтуы бойынша, 25 ақпанда Денисовский тас жолының шетінде олар әбден әлсіреген елікті байқайды. Жануардың тұмсығына мұз аралас қар жабысып, басын көтере алмайтын күйге түскен.

Сондай-ақ, қардың салдарынан еліктің көзі де көрінбей қалыпты.

"Біз елікті ұстап, оның тұмсығын тазаладық. Ол айқайлағанымен, біз бәрін мұқият жасауға тырыстық. Содан кейін жануарды жібердік", - дейді Нұржан Мақаев.

Жарты шақырымдай жүргеннен кейін видео авторлары тағы бір елікті байқады, бірақ бұл жағдайда олар жануарға көмектесе алмады.

"Оның артқы аяғы сынған, бірақ ол бізден қашып кете алды", - деп қосты Нұржан Мақаев.

Еске салсақ, бұған дейін ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы қайғылы жағдайдың алдын алғанын жазған едік.

Ақмола облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы Нұрия ұйықтауға бара жатып, терезеден Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған.

Қауіпті жағдайларда не істеу керектігін жақсы білетін Нұрия бұл туралы бірден әкесіне хабарлап, қайғылы жағдайды болдырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901256-qaragandy-oblysynyn-tas-zolynda-tumsygyna-muz-qatqan-elik-qutqaryldy-video/