Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы қайғылы жағдайдың алдын алды

Опубликовано:

Өрт
Скриншот: Polisia.kz

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып берген деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 25 ақпан күні шамамен түнгі сағат 23:00-де болған.

Ақмола облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы Нұрия ұйықтауға бара жатып, терезеден Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған.

Қауіпті жағдайларда не істеу керектігін жақсы білетін Нұрия бұл туралы бірден әкесіне хабарлаған. Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, бірден көшеге шыққан.

Өртке оранған көліктің жанында басқа да көліктер тұрған. Полицей өзге көлік құралдарының дабылын іске қосып, көлік иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған. Содан кейін көлік иелері сыртқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өрт ошағын оқшаулауға кіріскен.

Осылайша, кішкентай қыздың қырағылығының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкіндігі туындады.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылғанын жазған едік. Ауыл тұрғынының құтқарылғаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін Жезқазғанға жеткізілгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901231-aqmolalyq-policeidin-6-zasar-qyzy-qaigyly-zagdaidyn-aldyn-aldy-video/

pixel