Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте 622 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Маска таққан адам
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте 622 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

"Қазақстанда өткен тәулікте 622 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 42

Алматы қаласы - 96

Шымкент қаласы - 7

Ақмола облысы - 75

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 70

Атырау облысы - 14

Шығыс Қазақстан облысы - 41

Жамбыл облысы - 9

Батыс Қазақстан облысы - 35

Қарағанды облысы - 32

Қостанай облысы - 62

Қызылорда облысы - 8

Маңғыстау облысы - 4

Павлодар облысы - 82

Солтүстік Қазақстан облысы - 38

Түркістан облысы - 1

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 213 431-ге жетті.

Еске сала кетсек, 28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа еніп отыр. "Сары" аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.

Сонымен бірге, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ashyq мобильді қосымшасын еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік нысандарына енгізу туралы қаулыға қол қойған болатын.

Айта кетсек, немістің Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әуе рейстерін қайта орындай бастайды. Компанияның мәліметінше, ұшақтар 1 мамырдан бастап Қазақстанның екі қаласына қатынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901258-otken-taulikte-622-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel