Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде наурыз айында ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжамы

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Синотиктер көктемнің алғашқы айына консультативтік болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер мәләметінше, Қазақстанның көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді.

Консультативтік болжамға сәйкес, наурызда елдің басым бөлігінде циклондардың өтуімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғары фоны күтіледі, дейді ауа райын болжаушылар.

Еліміздің басым өңірінде орташа айлық температура нормадан 1°C жоғары, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде ғана норма шамасында болжанады.

Сонымен қатар, бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгеруі мүмкін екені де айтылды.

Мамандар наурыздың басында белсенді циклондардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады деп отыр.

Олардың мәліметінше, жауын-шашын елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасынмен), тұман және көктайғақ болжанып отыр.

Елдің оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, дейді синоптиктер.

Бірінші онкүндікте ел аумағында ауа температурасы құбылады: солтүстік жартысында оң таңбалыдан теріс таңбалы мәндерге дейін, оңтүстік жартысында +10...+15°С-тан 0...+7°С дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3...-10°С-тан -1..+6°С дейін.

"Бірінші және екінші онкүндіктің жекелеген күндері Скандинавия мен Сібір аудандарынан ығысатын суық ауа массаларының әсерінен түнгі уақытта сынап бағанасы солтүстік өңірлерде -13-25°С дейін, оңтүстік аймақтарда -5-15°С дейін төмендеуі мүмкін", - деді ауа райын болжаушылар.

Наурыз айының екінші жартысында солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы жекелеген күндері +3+10°С дейін, елдің оңтүстігі мен батысында +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін жоғарылайды.

Синоптиктердің болжауынша, көктемнің бірінші айында жауын-шашын нормадан көп түседі, елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында ғана норма шамасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Көктемде қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901356-qazaqstanda-nauryz-aiynda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzamy/

pixel