Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолалық қазақ отбасы өзге ұлттың үш бірдей перзентін бауырына басқан (фото)

Опубликовано:

Виктория
Виктория Клепцова. Кадр : Хабар 24

Ақмоланың Зеренді аймағында тұратын қазақ отбасы өзге этностың 1 емес, 3 бірдей перзентін бауырына басқан деп хабарлайды "Хабар 24".

10 жасына дейін балалар үйінде тәрбиеленген ақмолалық 16 жастағы Виктория Клепцова мен бауырларының өмірі бүгінде түбегейлі өзгерген.

Себебі Виктория мен соңынан ерген екі бауырын Зеренді ауданындағы қазақ отбасы өз қамқорлығына алған.

Жетімдерді бауырына басқан Гүлнәр Ыбраева мен оның жолдасы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Виктория мен екі інісін 2015 жылы асырап алған.

"Біз Ақкөл балалар үйіне барғанда қазақтың қыздары жоқ деді. Анна Васильевна балалар бар деді, бірақ басқа ұлт. Оған қарамаңыз деді. Үйге келгеннен кейін үш балам: "Анашым қорықпаңыз, көмектесеміз" деді. Алып келдік үш баланы. Көп еңбек жасадық. Тәртіптері жақсы, қызымның да, ұлдарымның да. Қызым қолқанат", - дейді Гүлнәр Ыбраева.

Гүлнәр Ыбраева
Кадр: Хабар24

Ағайынды Клевцовалар қазақ отбасына тез үйренісіп кеткен. Салт-дәстүр, тіл мен мәдениетті де меңгеріп алған. Ал бауырына басқан ата-анасы оларға азан шақырып ат қойған.

"Қазақ мектебін бітірдім. Ата-анам, үш ағам, екі інім бар. Ерхан және Олжас. Біз өзіміздің атымызды азан шақырып, қазақшаға ауыстырдық. Менікі Виктория болған. Қазір Айгерім. Екі інімнің аты Иван және Евгений. Қазір мені ешкім Виктория демейді. Қазақша аттарымызды атайды", - дейді Виктория Клепцова.

Мемлекеттік тілге құрметі ерекше Виктория Абай оқуларына қатысады. Түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жүр. Бауырларын да тілді қастерлеуге үндейді. Биыл Көкшетау педагогикалық колледжінің филология бөліміне оқуға түскен.

Виктория болашақта ата-анасын Меккеге апаруды армандайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901454-aqmolalyq-qazaq-otbasy-ozge-ulttyn-us-birdei-perzentin-bauyryna-basqan-foto/

pixel