Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар пандемия жағдайында Наурызды қалай тойлау қажет

Опубликовано:

Наурыз мерекесіндегі мың бұралған бишілер
Көрнекі фото: almaty.tv

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн-брифингте Наурыз мейрамын қалай атап өту керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер денсаулық сақтау бірінші вице-министрінен наурыз айына арналған COVID-19 жұқтыру бойынша болжамын сұрады. Бұған Шоранов былай жауап берді.

"Біз ақпан айындағы мәліметтерді қарастырып жатырмыз, наурыз және одан кейінгі айда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15-тен 20 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі деп болжап отырмыз. Бірақ, барлығы адамдардың карантин шараларын қалай сақтайтынына байланысты болатынын атап өткім келеді", – деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар, ол мерекені қалай атап өткен жөн екені туралы сұраққа жауап берді.

"Ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбеуге кеңес береміз, керісінше, Наурызды қонаққа бармай, отбасыңызбен тойлауды ұсынамыз. Жаңа жылдық мерекелерден кейін екі апта өткен соң елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артқаны естеріңізде болар? Осы жайтты есте сақтап, санитарлық нормаларды, яғни бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз", – деп қосты ол.

Еске салсақ, Қазақстан тұрғындары наурыз айында екі бірдей мерекені атап өткелі тұр. Қазақстан халқы наурыз айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.

Айта кетейік, аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары 2021 жылы 120 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы болса 68 демалыс күні беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901824-qazaqstandyqtar-pandemiya-zagdaiynda-nauryzdy-qalai-toilau-qazet/

pixel