Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 10 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: altaynews.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 4-6 наурыз аралығында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 23 м/с жетеді. 5 наурызда жаяу бұрқасын соғады.

Таразда 4-6 наурызда кей уақытта тұман түседі. 4-5 наурыз аралығында көктайғақ болады. 5 наурызда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады. Кей жерлерде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді. Петропавл да осы күні бұрқасын көтеріледі, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

4 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Боран соғып, күндіз көктайғақ болады. Аймақта және Қарағанды қаласында Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.

4 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 23 м/с.

4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с.

4 наурыз да Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді.

4 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

4 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Облыста және Орал қаласында желдің күші - 15-20 м/с.

4 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында - жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

4 наурызда Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с. Атырау қаласында тұман түседі. Кей уақытта көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901843-qazaqstannyn-10-aimagynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/

pixel