Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов өмірден өтті

Опубликовано:

Толеген Байгулов
Фото: Facebook/Төлеген Байғұлов

Коронавирус инфекциясынан Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жеткізді.

"Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот, адал жан еді. Бүгін COVID-тан қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын", - деп жазды Нұрлан Жахин Facebook парақшасында.

Өткен жексенбіде белгілі журналист, запастағы полковник Қазис Тоғызбаев өмірден өткен еді.

Қаңтар айында журналистен коронавирус инфекциясы анықталған, алайда бірнеше аптадан кейін үйіне шыққан.

Кеуде тұсының ауырсынғаны туралы шағымынан кейін ол араға бірнеше күн салып, қайта ауруханаға жатқызылған. Қазис Қабдышұлы ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901893-zemqorlyqqa-qarsy-birinsi-media-ortalyqtyn-toragasy-tolegen-baigulov-qaitys-boldy/

pixel