jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматы облысында 7 баланың анасына ауылдастары асарлатып үй алып берді (видео)

Үй беру сәті
Кадр: "Астана"

Алматы облысы Нұра ауылының тұрғындары көпбалалы отбасыға асарлатып жаңа үй алып берді. Отбасының ескі үйі толықтай өртеніп кеткен болатын деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Бүтін бір отбасының далада қалуына себепші болған өрт электр желісіндегі ақаудың салдарынан туындаған.

Жеті баланың анасы Махаббат өрт болған түні күйеуі жұмыста болғанын айтады. Өртті алғашқы болып жеті жасар қызы байқаған екен. Ол лезде үйдегілерді оятып, бәрі сыртқа шығып үлгерген.

"Балаларымды ұстап, далаға жүгіріп шықтым. Оларды көршілерде қалдырып, көрші-қолаңмен өртті сөндірмек болдық. Алайда өртті тоқтату мүмкін болмады. Үй толықтай өртеніп кетті. Балаларым аман қалғанына Аллаға шүкір", - дейді Махаббат.

Ауылдастары көпбалалы отбасыға киім мен тамақ жағынан көмектесіп қана қоймай, үй алып беру туралы шешімге келген.

Сөйтіп қаражат жиналып, Нұра ауылының 3 мыңнан астам тұрғыны мен кәсіпкердің арқасында отбасы үйлі болған.

"Жергілікті тұрғындар бір миллион теңге жинады. Одан бөлек, алматылық бизнесмен Біләл Ушуровтың көмегі зор болды. Ол 3,5 миллион теңге берді. Бұл қаражатқа Әбдірахмановтар отбасына үй сатып алдық", - дейді мектеп директоры Ысқақ Салманов.

Көпбалалы отбасы жаңа үйді сыйға тартқан халыққа алғысын жаудырды. Олар қиындық артта қалып, үйлі болғандарына сене алмай отырғандарын жасырмады.

Айта кетейік, бұған дейін үйі өртеніп, алты баламен далада қалған алматылық әйел көпшіліктің көмегіне мұқтаж екенін хабарлаған едік.

Алматы облысында 7 баланың анасына ауылдастары асарлатып үй алып берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.