RU

10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайды: Желіде кезекті жалған ақпарат тарады

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың 10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайтыны туралы айтқан видеосын таратып жатыр деп хабарлайды Stopfake.kz.

Желіде тарап жатқан кадрларға сүйенсек, министр Алексей Цой коронавирустың гүлдер арқылы жұғатынын, сол себепті 10 наурызға дейін гүлдерге жақындауға, оларды сатып алуға және иіскеуге тыйым салынатынын айтқан.

Басылымның жазуынша, ролик министр теледидарда сөз сөйлеген кезде түсіріліп, дауысы монтажбен қойылған.

Видеода COVID-19 жұқтырудың жаңа әдісі туралы айтқан дауыстың Алексей Цойдікі еместігі анық естіледі.

Осы ретте еліміздің денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды.

"Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бұл видео жалған екенін мәлімдейміз", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, COVID-19 адамнан адамға ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады. Вирус жабық және нашар желдетілетін жерлерде тез таралады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып және адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту керек.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тексерілген ресми дереккөздерге ғана сеніп, арандатушылыққа бой алдырмауға кеңес береді.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Наурыз мейрамын қалай атап өту керек екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902003-10-nauryzga-deiin-gulge-zaqyndauga-bolmaidy-zelide-kezekti-zalgan-aqparat-tarady/