RU

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Мереке11
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін. "Ашық НҚА" порталында атаулы күнді бекіту туралы үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Жаңа мерекені енгізу туралы ұсынысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасаған.

Ведомство елдегі мереке күндерінің тізімін өзгерту туралы үкімет қаулысының жобасын дайындаған.

Жобаға сәйкес, 15 сәуірді Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні етіп белгілеу ұсынылған.

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады. Жаңа мерекеге қатысты кез келген қазақстандық өз ойын айта алады.

Қаулы жобасымен толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазақстандық спортшылар одағы" спорт жаттықтырушысы күнін кәсіби мерекелер күнтізбесіне қосуды ұсынған еді.

Олар жаттықтырушы күнін 7 сәуірде атап өтуді ұсынып отыр.

Сонымен бірге Ішкі істер министрлігі күнтізбеге жаңа мерекелік датаны - Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күнін енгізуді ұсынған болатын.

Мереке күні ретінде 9 маусым таңдап алынған.

Сондай-ақ биылдан бастап елімізде 22 желтоқсанда архивші күні аталып өтетін болады.

Одан бөлек, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұсылмандарға арналған 2021 жылдың діни мерекелер кестесін бекіткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902175-qazaqstanda-tagy-bir-mereke-paida-boluy-mumkin/