Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз қалтамыздан төлеп тұрдық ": Атырауда шетелге жолдама алғандар турфирмаға оңбай алданып қалған

Опубликовано:

Атыраулықтар
Фото: Ақ Жайық басылымы

Атырауда бір жарым жылдан бері "Эйр Тур" турфирмасынан 30 млн теңгеден астам ақшасын ала алмай жүрген тұрғындар қалалық №2 сот ғимаратының алдына жиналды. Қазір алаяқтық жасады деген айыппен осы фирманың иесі сотталып жатыр деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Басылымның жазуынша, зардап шеккендердің басым көпшілігі жолдама ақысын төлеген, бірақ шетелге саяхаттайтын уақыт келгенде фирма жабылып қалған.

Кейбірі шетелге шығып үлгерген. Бірақ тек әуе рейсі ғана төленіп, ал Түркиядағы қонақ үйде тұру ақысы төленбеген.

"Әрине, "Эйр Тур-ға" қоңырау шалдым. Ондағылар түсінбестік болғанын, мәселенің жақын арада шешілетінін айтты. Бірақ ештеңе шешілмеді, бес күн қонақ үйде өз қалтамыздан төлеп тұрдық. Айналғанда көк тиынсыз қалдық. Үйге келген кезде мұндай турфирманың жоқ екенін білдік", - дейді Ольга Соболева.

Агенттік 2019 жылдың тамызында жабылған. Содан бері шетелге шыға алмай қалған туристер пайдаланылмаған жолдамаларының ақшасын қайтара алмай жүр. Ал бұл 1,5 миллионнан 3 млн теңгеге дейінгі сома.

"Жәбірленушілер саны - 20 отбасынан 52 адам. Олардың барлығы наразы, сотқа сенімсіздік білдіріп отыр. Әділетті шешім шығарып, ақшаларын қайтаруды сұрайды", - дейді заңгер Альбина Дәулетова.

Жиналғандардың айтуынша, айыпталушы алғашында тергеу изоляторында отырған. Кейін денсаулығына байланысты үйқамаққа алынған.

Ал қазір аяғы ауыр екен. Алданғандар айыпталушы жазадан құтылып, ақшаларымызды ала алмай қаламыз ба деп қорқады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902202-oz-qaltamyzdan-tolep-turdyq-atyrauda-setelge-zoldama-algandar-tur-firmaga-onbai-aldanyp-qalgan/

pixel