Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путиннің суретін қолына ұстап вакцина салдырған шенеунік желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Аргентиналық шенеунік
Фото: Municipio de Roque Pérez

Ресей президенті Владимир Путиннің суретін қолына ұстап коронавирусқа қарсы вакцина салдырған аргентиналық шенеунік желіде қызу талқыға түсті. Роке Перес қаласының мэрі Хуан Карлос Гасперини бұл әрекетін түсіндірді деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Гасперини осылайша Владимир Путинге Аргентина үшін жасаған жақсылығына алғысын айтқысы келген екен.

Аргентиналық шенеунік Путиннің портретін ұстап екпе қабылдап жатқан сәтінен фотоны өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

"Бұл вакцина қанша адамның өмірін сақтап қалды? Бұл оппозиция сынап жатқан уақытта оған құрмет көрсетудің белгісі еді" , - дейді Хуан Карлос Гасперини.

Айта кетейік, Аргентинада "Спутник V" вакцинасын егу желтоқсан айының соңында басталды. Препарат ең алдымен медицина қызметкерлері мен қарқынды терапия бөлімінің қызметкерлеріне салынды.

Ал ақпан айының соңында Аргентинада ресейлік вакцинаны өндіру туралы меморандумға қол қойылды.

"Спутник V" вакцинасын Н. Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы мен Ресей тікелей инвестициялар қоры бірлесіп әзірлеген. Препарат адам аденовирус векторының жақсы зерттелген платформасы негізінде жасалған.

Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижесі бойынша вакцинаның тиімділігі 91,6 пайызды құраған. Препарат COVID-19-дың ауыр жағдайларынан толық қорғауға қабілетті.

Ал елімізде жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902227-putinnin-suretin-qolyna-ustap-vakcina-saldyrgan-seneunik-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel