jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман
Фото: pexels.com

Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түседі.

Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, дейді синоптиктер. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Көкшетауда ертең кей уақыттарда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ болады, дейді ауа райын болжаушылар. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Мамандар ертең Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін деп отыр. Олардың болжауынша, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде оның күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай қаласында ертең түнде және күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде түстен кейін найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Синоптиктердің дерегінше, ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.