Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды
Опубликовано:

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов еліміздегі карантин жағдайларына байланысты жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:
- оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.
Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902284-bas-sanitar-dariger-erlan-qiyasov-zana-qaulyga-qol-qoidy/