Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірі "сары" аймаққа енді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирустың таралуы қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймаққа қайта енді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасында хабарланды.

2021 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша еліміздің ешбір өңірі "қызыл" аймақта жоқ.

Дегенмен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облысытары "сары" аймақта тұр.

Ал Қазақстанның басқа өңірлері "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 802 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 218 101-ге жетті.

Айта кетсек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов еліміздегі карантин жағдайларына байланысты жаңа қаулыға қол қойған болатын.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға оқытуға рұқсат беріледі.

Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902313-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-sary-aimaqqa-endi/

pixel