Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде 653 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 42,

Алматы қаласы - 141,

Шымкент қаласы - 8,

Ақмола облысы - 68,

Ақтөбе облысы - 13,

Алматы облысы - 68,

Атырау облысы - 43,

Шығыс Қазақстан облысы - 21,

Жамбыл облысы - 15,

Батыс Қазақстан облысы - 34,

Қарағанды облысы - 38,

Қостанай облысы - 50,

Қызылорда облысы - 6,

Маңғыстау облысы - 2,

Павлодар облысы - 65,

Солтүстік Қазақстан облысы - 36,

Түркістан облысы - 3.

Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 218 754-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, 2021 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша еліміздің ешбір өңірі "қызыл" аймақта жоқ. Дегенмен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облысытары "сары" аймақта тұр. Ал Қазақстанның басқа өңірлері "жасыл" аймақта.

Айта кетсек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов еліміздегі карантин жағдайларына байланысты жаңа қаулыға қол қойған болатын.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға оқытуға рұқсат беріледі.

Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902350-otken-taulikte-elimizde-653-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel