Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спутник V" вакцинасын жасаушылар Еуроодаққа қарасты мекемеден кешірім сұрауды талап етті

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік "Cпутник V" вакцинасын жасап шығарғандар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (ЕДА) төрайымы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етті. Бұған Кристаның "Спутник V" вакцинасына қатысты мәлімдеме жасауы себеп болған деп хабарлайды РИА Новости.

Еуроодаққа қарасты ЕДА мекемесінің өкілі Криста Австрия елінің "Спунтик V-ді" жедел мақұлдау перспективасын "орыс рулеткасымен" теңеген болатын.

ЕДА-дағы қызметінен бөлек, Австрияның денсаулық сақтау агенттігінің өкілі болып табылатын Виртумер-Хохе бұған дейін австриялық ORF телеарнасының эфирінде мәлімдеме жасап, вакцина салдырғандар туралы жеткілікті мәліметтердің жоқтығын алға тартқан еді.

"Біз "Спутник V" вакцинасын қолдайтын Еуропа одағы мемлекеттері туралы жағымсыз пікір айтқан ЕДА өкілі Криста Виртумер-Хохеден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етеміз. Оның пікір білдіруі бүгінде жүргізіліп жатқан ЕДА сараптамасы үдерісіне саяси араласу болуы мүмкін екендігіне қатысты маңызды сұрақтар туғызады", - делінген ресейлік вакцинаның ресми Twitter парағында.

Жазбада еуропалық реттеушінің "басқа вакцина туралы мұндай мәлімдемеге жол бермегені" атап көрсетілген.

"Мұндай пікірлер орынсыз және ЕДА-ға және оның тексеру процесіне сенімділікті жояды. Вакциналар мен ЕДА саясаттан тыс болуы керек", - дейді вакцинаны жасаушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Германияда коронавирусты анықтайтын жедел тестілер сатылымға шыққанын жазған едік.

Одан бөлек, ДДСҰ пандемия қашан аяқталатынын болжағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902443-sputnik-v-vakcinasyn-zasausylar-euroodaqqa-qarasty-mekemeden-kesirim-suraudy-talap-etti/

pixel