jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматылық әйел алимент төлемеу үшін үш ұлынан бас тартқан күйеуі туралы айтып берді

Ажырасқан әйел
Көрнекі фото: independent.ie

Алматылық әйел алимент төлемеу үшін үш ұлынан бас тартқан күйеуі туралы айтты. Ол жұбайымен ажырасуға өте кеш шешім қабылдағанын айтады. Кейіпкеріміз басынан өткен оқиғасын өзіне де, өзгеге де сабақ болу үшін желі оқырмандарына баяндап беруді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар күйеуімен бір мекемеде бірге жұмыс істеп жүргенде танысқан. Қыз-жігіт болып кездесіп жүргенде ол болашақ жарының теріс әдеттерін байқамаған.

"Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Бірақ үйленген жылы-ақ ішімдікке жақын екенін көрсете бастады. Маған алатын жалақысын жасырып жүргенін кейін білдім. Қолыма ай сайын азық-түлікке 30 мың ұстататын. Балалар үйде аш отыратын күн болды. Өзім үш ұлымды өсіріп, тәрбиелеймін деп тұрмыс құрғалы ешқашан жұмыс істеген емеспін. Басқа ақша көрмедім. Оған да шыдап жүрдім. Жақында оны 18 жастағы қызбен ұстап алдым. Ажырасуға көп ойланбауым керек еді. Балалар үшін жүрдім", - дейді ол.

Айтуынша, қазір үш ұлының әкесі алимент төлемеу үшін олардан заңды түрде бас тартып жатыр екен.

"Ұлдарым менімен қалды. Заңды түрде ажырастық. Әке болудан бас тартатынын айтты. Алимент төлемеудің амалы", - дейді Жанар.

Үш баланың анасы басынан өткен жағдайға ешкімді кінәламайтынын, тек өзінің ажырасу туралы кеш шешім қабылдағанына өкінетінін жеткізді.

"Жалғыз мен ажырасып жатқан жоқпын. Ішімдікке салынған адам өзі қаламаса, жөнге келмейтініне көзім жетті. Балаларым мен өзімді құрбан етіп келіппін. Мен сияқты әйелдерге айтарым, жақсы күнді күтіп жүре бермеңіздер. Мұндай күйеудің болмағаны жақсы еді. Кейбірі бір балаға зар болып жүргенде, мұнысын түсінбедім. Жолы болсын!", - деп түйіндеді ол сөзін.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.