Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Оңтүстік Кореяда көлік ұрлады деген күдікпен үш қазақстандық ұсталды

Опубликовано:

Көлік ұрлау сәті
Көрнекі фото: pixabay.com

Кореялық БАҚ Оңтүстік Кореяда ескі көліктерді ұрлады деген күдікпен 3 қазақстандық ұсталды деп хабарлады.

Ақпаратты "Ренхап" агенттігі жариялады.

Ұсталғандар 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында сауда кешенінен пайдаланылған жеті автокөлікті ұрлап, Кванджуға апарған деп есептеледі. Кейбір көліктер иелеріне қайтарылды.

NUR.KZ тілшілері бұл ақпаратқа түсінік алу үшін Қазақстан сыртқы істер министрлігіне хабарласты. Ведомствоның баспасөз қызметі ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, Қазақстанда автокөліктерді контрабандалық жолмен өткізген трансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Күдіктілерді тінту кезінде 60 машинаға қатысты (54 жеңіл автокөлік, алты жүк көлігі) заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар, Ресей Федерациясының жалған техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді.

Оған қоса, Алматы қаласының орталығында көлік тонаумен айналысқан үш күдікті қолға түскен еді.

39 бен 42 жас аралығындағы үш ер адам тұрақта тұрған көліктерді тонаумен айналысқан. Олардың қылмыстық әрекеттерін түнгі немесе кешкі уақытта жасағаны анықталды. Іс материалдары бойынша бір жәбірленушінің көлігінен шамамен бір миллион теңге қолды болған.

Бұл оқиға қатысты Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902494-baq-ontustik-koreyada-kolik-urlady-degen-kudikpen-us-qazaqstandyq-ustaldy/

pixel