Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір апта ішінде елімізде 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Бір апта ішінде елімізде 3 371 қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бір апта ішінде 3 371 қылмыс жасалды. Оның 2 145-і тәулік ішінде ашылды", - деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкілдің атап өтуінше, полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіру қылмысын ашқан.

"Сондай-ақ, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 39 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты", - деді ол.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталған болатын.

20 жастағы жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол тәртіп сақшыларынан өзін зорлаған танысын жауапқа тартуды сұраған. Алайда тергеу кезінде ер адамның оны зорламағаны анықталды.

Осылайша, қасақана жалған ақпарат бергені үшін "жәбірленушіге" қылмыстық іс қозғалды.

Сот шешімімен 20 жастағы ару 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған жергілікті тұрғын 3 жастағы қыз тәрбиелеп отыр, сол себепті сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырған.

Сонымен бірге, кореялық БАҚ Оңтүстік Кореяда ескі көліктерді ұрлады деген күдікпен 3 қазақстандық ұсталғанын хабарлады.

Ақпаратта ұсталғандар 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында сауда кешенінен пайдаланылған жеті автокөлікті ұрлап, Кванджуға апарған делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902497-bir-apta-isinde-elimizde-3-mynnan-astam-qylmys-zasalgan/