Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тісін емдеймін деп сирек кездесетін ауруға шалдыққан елорда тұрғыны халықтың көмегіне зәру

Опубликовано:

Валерий
Кадр: "КТК"

Елорда тұрғыны Валерий Рогов Кореяға емделуге ұша алмай отыр. Алты жылдан бері ауруымен арпалысып жүрген азаматқа ақшаның жоқтығы қолбайлау. Мүгедек арбасына таңылған ол күн сайын далада түрлі тауар сатқанымен, керекті қаржының жиналатын түрі жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Валерий екі тісін емдеймін деп сирек кездесетін медиастинит ауруына шалдыққан.

2015 жылы сап-сау болған Валерий ауруханадан жарты жылдан соң сал күйінде шығады. Алдымен Валерийдің ақыл тісі іріңдеп, артынша аузын аша алмай қалған. Кейін дәрігерлер тісін жұлып тастаған. Осы кезде асқынған ірің қанмен араласып, микроб миға дейін жеткен.

"Тамағына ота жасап, екі тісін жұлады. Операциядан кейін оны дәрігерлер жансақтау бөліміне емес, палатаға жатқызған. Аурухана төсегінде өлі күйінде қасында жатқан науқас тауып алып, шу көтерген. Валерий клиникалық өлімге тап болды. 36 күн бойы өлім мен өмір арасында жатты. Жалпы медиастиниттен аман қалатындардың саны шамалы. 100 пайыздың ішінде 23-і ғана мына дүниенің жарығын көреді", - дейді Валерийдің анасы Раиса Тройно.

Дәрігерлердің қателігін айтып, Раисаның бармаған жері қалмағанын айтады. Еш нәтиже болмағанға ұқсайды. Дегенмен ол баласының емін тоқтатпаған.

Қытайға барып келгеннен кейін Валерийдің көзі көріп, құлағы естіп, беті бері қараған. Алайда қазір ол анасының көмегінсіз қозғала алмайды.

"Валера комадан оянғанда көзі көрмей, құлағы естімей қалды. Еш қозғала алмады. Басын тіпті бұра алмайтын хәлге жетті. Қытайда екі апта болғанда жағдайы жақсарды. Көзі 30 пайызға көрді. Қазір емдеу орындарын іздеп жатырмыз. Таңдауымыз Оңтүстік Кореяға түсіп отыр. Кореяның кликасында оңалтудан өтсе ғана дертінен айығуы мүмкін", - дейді Раиса Тройно.

Ал шетелдегі медициналық орталық болса, жас жігіттің денсаулығының 80 пайызын қалпына келтіре алатындарын айтқан. Алайда ол үшін 30 мың АҚШ доллары қажет.

Дегенмен отбасында мұндай қаражат жоқ. Себебі Валера мен анасы бүгінде мүгедекке және оны бағып-қаққанға берілетін жәрдемақыға күн көріп отыр. Баспанасы да өздерінікі емес.

Үкіметтің ақшасы еш нәрсеге жетпейтіндіктен, жас жігіт өмірін өзгерту үшін далаға шығып, түрлі тауар сатып, тиын-тебен жинауға мәжбүр.

Сондықтан Валера көптен көмегіне мұқтаж.

Валерий Роговқа көмек қолын созам деген жандар үшін оның байланыс нөмірі: 87078101255.

Реквизит:

Halyk Bank 5522 0433 5609 8636 Алушы: анасы – Troino Raissa.

Kaspi Gold 5169 4971 3811 2176 Алушы: анасы – Troino Raissa.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902593-elorda-turgyny-koreyaga-emdeluge-qarazat-tappai-otyr/

pixel