jitsu gif branding logo appbranding logo app

Желіде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалған медальдар сатылымға шықты

Медаль
Фото: chelznak.ru

Кейбір интернет-сайттар "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалін сатып алуды ұсынып жатыр. Алайда медальдің Қазақстанда жасалмағаны, біздің елде шығарылатына еш қатысы жоқ екені анықталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі желідегі сауда алаңдарында медальдің сатылымға шыққаны туралы дерекке пікір білдірді. Бұл ресми емес, қоғамдық наградалар деп жазады StopFake.kz.

Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, мемлекеттік және мерейтойлық медальдар мемлекет басшысының жарлығымен ғана тағайындалады. Мұндай наградалар сатылмайды.

Медаль
Фото: stopfake.kz

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңына сәйкес, ел азаматтары Отан алдындағы ерен еңбектері үшін, жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметі, еңбектегі және жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады.

"Мемлекеттік наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының президенті жүзеге асырады. Сыртқы түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұқсастығы бар ордендер мен медальдарды, төске тағатын белгілер мен олардың құжаттарын, сондай-ақ Құрмет грамотасын жасауға және дайындауға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының орденін, медалі мен құрметті атаққа берілетін төске тағатын белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де ақылы түрде беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасау заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады”, – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мереке қарсаңында "Қазақстан Республикасының 30 жылдығы" мерейтойлық медалі шығарылатынын хабарлаған едік.

Желіде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалған медальдар сатылымға шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.